Көкшетау қаласындағы № 16 орта мектебінде мамырдың 16 - жұлдызында «Денсаулық күні» салтанатты түрде аталып өтті. Бұл күні аталмыш шараға мектеп болып барлық сыныптар ат салысты. Спорттық формаларды киген оқушылар үш топқа бөлініп, жаттығулар жасады. Сондай-ақ, әр сынып, спорттық жаттығу түрлерін көрсетті. Соңынан барлық сынып бірігіп, «Флэшмоб » биін билеп, қызықты эстафеталық ойындар ойнады.
Денсаулық күніне өткен іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылар мен ұстаздар түгел ат салысты. Бұл өткен іс-шараның адам денсаулығына, көңіл- күйіне үлкен әсер етті және эстетикалық тәрбиесіне де зор ықпалы тиді. Аталмыш шараға үлес қосып, жеңімпаз болған сыныптарға,сонымен қатар жеңіске жеткен оқушыларға мектеп ұжымы сыйлықтар мен «Мақтау қағаздарын» табыстады.