2020 жылғы 27 қаңтар халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясына біздің мектептің оқушылары қатысты. Акцияның мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Оқушыларға 27 қаңтар күнін - «Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясы деп жарияланып, интернетсіз халықаралық күн туралы сынып сағаттары, әңгімелесу біздің мектепте ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушыларына арналған «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауы өткізілді; 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ байқауын ұйымдастырылды. Оқушылар осы акцияға белсенді қатысты.