Текст
Көктемгі демалыс кезінде ағымдағы жылдың 23 - 30 наурыз аралығында Нұр -Сұлтан қаласында "Ақбозат - 2021" республикалық шахмат біріншілігі өтті. Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласының #16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары: Абай Алишер 7 А сын, Мурга Даниил 9 В сын, Алибаев Дамир, Аристанова Ламиса 7 А сын қорғады. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы есепте біздің команда Алматы қаласының командасын жеңіп, жүлделі 1 орынды иеленді.
Жеке есепте:, команда капитаны Абай Алишер - 1 орын жеңімпазы атанды, Мурга Даниил - 2 орын, Алибаев Дамир - 2 орын, Аристанова Ламиса - 3 орынды иеленді. Жаттықтырушы Бигожин К.Т.
Құттықтаймыз!!! Жарайсыңдар!!!