Текст
«Білімге құмар» бағдарламасы болашақ бірінші сынып оқушысының бастауыш мектепте оқуға дайындығын қалыптастыруды, бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуін, зияткерлік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Барлық сабақтар балалардың қызықты саяхаттары ретінде өткізіледі, оның барысында олар туындаған мәселелерді балаға қол жетімді тәсілдермен шешуге үйренеді.
Болашақ бірінші сынып оқушылары мектебінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі:
* оқу ұзақтығы 4 тамыздан 15 тамызға дейін;
* жұмыс тәртібі: аптасына бес күн 4 сабақтан;
* сабақтың ұзақтығы 25-30 минут.
Мектептің мекен-жайы: Әуелбеков көшесі, 177 ("№16 ЖОББМ " КММ)
Телефондар: 50-80-99, 50-81-44.