Текст
1 қазан күні № 16 орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары ұйымдастырған «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараға әрбір сыныптан оқушылардың ата-әжелері қатысты. Ортамызда жүрген қарияларымыздың игі істері келешек ұрпаққа табылмас қазына. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтіп, барлық қариялардың көңілдерінен шықты. Олар жақсы тілектерін айтып, ақ баталарын берді.