"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 16 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"№16 жалпы білім беретін мектеп" КММ әкімшілігі "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну"мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

14.08.2022

Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер)!

"№16 жалпы білім беретін мектеп" КММ әкімшілігі  "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну"мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

 

ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРУ ТУРАЛЫ

    "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес ыстық тегін тамақтандыру мынадай білім алушылар санаттарына ұсынылады:

  • АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін
  • АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін (43 145 теңге)
  • жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
  • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін
  • білім алушылардың өзге де санаттары үшін

 

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

 

1. Өтініш

2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)

3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

4. Некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі

5. Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:

 

-АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - анықтама.

- жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін (43 145 теңге) - (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама)

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-қорғаншылық органының шешімі

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін және отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган-білім беру ұйымының басқармасы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттары үшін

 

Жұмыс кестесі:

дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес

сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін,

түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Біздің мекен-жайымыз:

Е. Әуелбеков көшесі, 177, тел: 50-80-99, 50-81-44

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст