В 2022-2023 учебном году «Ко Дню фестиваля языков народа Казахстана в КГУ ОШ №16 г. Кокшетау с 5-16 сентября 2022 г. проводились следующие мероприятия:
Қазақстан халқы тілдер күні-5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке. Осыған орай « №16 ЖОББМ»КММ 6 -қыркүйек күні«Тіл-ұлттың сүйенетін тамыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Тіл -мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры екенін және баға жетпес бұл бай мұраны қастерлеп, құрмет тұтуға баулу болды. Көрмеге қойылған кітаптармен оқушылар жан-жақты танысты.
Ұйымдастырушы: «№ 16 ЖОББМ» КММ кітапханашысы -Ташыбаева Н.Ж.
2022 жылдың 7 қыркүйегінде "№16 ЖОББМ" КММ 9"Б" , 9"В" орыс сыныптары арасында жалпықазақстандық "Мың бала" жобасы аясында "Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов" атты диктант жазылды. Диктантты 45 оқушы жазды.
Пән мұғалімдері: Жакупова Т.Т, Аширбекова З.К
Бүгін қыркүйектің жетісі Көкшетау қаласының №16 ЖОББМ еліміздің барлық өңірінде аталып жатқан «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарланған жобалардың бірі болып табылады.Сыныбымызда өткізілген ашық диктант Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы -көсемсөз шебері» тақырыбына арналды.
Мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Пән мұғалімдері: Нурмуханова А.Х.
Көкшетау қаласының «№ 16 ЖОББМ» Ұлы ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерей тойына, Қазақстан халықтарының тілдері күніне челлендж өткізілді. Челленджге 11 - сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар Ахмет Байтурсынұлының тіл туралы қанатты сөдерін жатқа оқып айтты.
Мұғалімі: Нурмуханова А.Х
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған челленджіне 8- сынып оқушысы- Бейзер
Виолетта да өз үлесін қосты.
Мұғалімі: Бекхожина А.А.
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық мектеп оқушылары арасында өткізілген "Тілім менің-тірегім!» атты мәнерлеп оқу байқауына 6 «В» сынып оқушысы Досымбекова Дарина қатысып, жүлделі 1 - орынға ие болды. Байқау 08.09.2022ж. «Сәкен Жүнісов» атындағы №18МЛ өтті.
Жетекшісі: Маулитова Г. М.
«№ 16 ЖОББМ» КММ 8.09.2022 ж «Тиімді тілдік орта » ойын алаңына байланысты «Көңілді спорттық ойындар» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 5- 8 сынып арасында оқушылар белсене ат салысты. Бұл спорттық іс-шараның мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және ептілікке тәрбиелеу болды.
Жетекшілері: дене шынықтыру мұғалімдері
2022-2023 оқу жылының 9-қыркүйегінде «Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай Көкшетау қаласының «№ 16 ЖОББМ» «Сыр шертемін өлеңмен» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл әдеби кешке Көкшетау қаласының жас ақыны - Мерген Тоқсанбай шақырылды. Әдеби кешке жоғарғы сыныптың 10-11 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында оқушылар Мерген Тоқсанбайдың «Бақытгүл Серікқызы», « Көкшетауға арнау» , « Махаббат арнасы», «Ана тілі» , т.б. өлеңдерін ұйып тыңдады. Сондай-ақ оқушылар ақынға сұрақтар қойып, жас ақынды әр қырынан тани білді. Кеш соңында қазақ тілі пән мұғалімдері Мерген Тоқсанбайға мектеп ұжымы атынан алғыс айтып, сыйлықтарын сыйлап, ақ тілектерін жеткізді.
12 сентября учитель казахского языка и литературы Аширбекова Загира Калиевна провела интеллектуально-познавательную игру «Государственный язык – мой язык» среди учащихся 8 классов.
Цель мероприятия:
- Повышение интереса и уважение учащихся к государственному языку.
13 сентября 2022 года, проведено информационно-познавательное мероприятие «Мой язык – моя гордость».
Цель мероприятия: Уважение к государственному языку. Мероприятие было проведено на трех языках. Учащиеся приняли активное участие. Ответственные: Т. Т. Жакупова,
Махина Н.В.
Жауапты: Нурмуханова А.Х. Бекхожина А.А.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты зияткерлік – танымдық ойын
«№ 16 ЖОББМ» КММ Тілдер фестиваліне орай 12-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі -Аширбекова Загира Калиевна 8- сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты зияткерлік – танымдық ойын өткізді.
Мақсаты:
Іс – шара басында «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойналып, оқушылар «Ақылдылар», «Дарындылар», «Зияткерлер» атты үш топқа бөлінді. Ойын барысында оқушылар “Шешуін тап”,“Қос тіл - қос қанатың”,“Кім жылдам? Сөзжасам шебері”,«Сөз мәйегі - мақал», «Математика тіл әлемінде» айдарлары бойынша ұяшықтардағы тапсырмаларды орындай отырып, ұпай жинады. Орындар жиналған ұпай санына қарай тағайындалды. Іс – шара соңында оқушылар орнынан тұрып, әйгілі «Атамекен» әнін орындады. Іс - шара барысында оқушы қызығушылығын арттыратын интербелсенді тақта, «Атамекен», «Қазақ елі» әндерінің аудиожазбалары қолданылды.
В 8 А классе был проведен информационно-образовательный урок на трех языках под названием «Мой язык – моя гордость». Ответственные: Нурмуханова А.Х., Нурланова Ш.С., Базарова А.Е.
Тарих пән мұғалімдері:Кусаинов Ж.К, Алексеенко Ж.М.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16-ы күні №16 жалпы орта білім беру мектебімізде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» онкүндік апталығының жабылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбиені ұштастыра отырып, тіл мәртебесін көтеру; ана тілімізге деген сүйіспеншілікті және оқушылардың сөз байлығын арттыру; тілді құрметтеуге, қастерлеуге, елжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Салтанатты кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Кешіміздің басында 5-сынып оқушысы Төлеген Адия өзінің қоңыр дауысымен көрермен қауымын таңқалдырды. Іс-шарада оқушылар «Тілімді сүйемін» тақырыбында үш тілде мәнерлеп өлең оқыды.
Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, қыздарымыз қазақтың ұлттық және ұйғыр билерін шабыттана орындады.
Онымен қоса Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты қанатты сөздері оқылып, «Анама хат» көрінісі көрермендерімізді таңқалдырды.
Салтанатты жабылудың соңында мектебіміздің оқу ісіндегі орынбасары сөз сөйлеп, оқушыларымызды грамоталармен марапатталды.
Түйіндей келе, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса тілімізді қадірлей білейік!
Орындаған: Ермагамбетова Г.К, Ризабекова Р.С, Адилова А.Б.