Текст
23.09.2022ж. №16 «ЖОББМ»КММ-де мектеп директорының қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісте халықаралық зерттеулерге дайындық мәселелері жайлы талқыланды. Физика және информатика пәнінің мұғалімі Әйкен Г. «Пәнді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамыту» тақырыбы бойынша, математика пәнінің мұғалімі Ибраева М.Ш. «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», директордың орынбасары Магдалина О.С. «MОДО-ға дайындық» атты баяндамаларын оқып талдады.