Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.
✅Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.
🟢Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.
🟢Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.
🟢Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.
🟢Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.