Текст
2018 жылдың 23 ақпан күні мектептің мәжіліс залында болашақ Отан қорғаушылары - 9-11 сынып оқушыларына тіркеу күәліктерін тапсыру салтанаты өтті. Осындай маңызды күнмен оқушыларды мектеп директоры Сарманова Р.Г. құттықтады. Салтанатты іс-шараға қонақтар шақырылды: Қарулы күштер ардагері, полковник Иванов Николай Степанович, жауынгер- интернационалист , Ауған соғысына қатысушы, аға лейтенант Коростиль Сергей Михайлович. Сонымен қатар мектептің түлегі, Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының курсанты Чапля Иван қатысты. 24 бозбалаға тіркеу куәлігі тапсырылды. Құттықтаймыз!!!