15.02.2018 ж. № 16 орта мектеп шаңырағында
Көкшетау қаласы білім беру мекемелеріндегі директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарларына арналған қалалық семинар өтті.
Семинар тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында
рухани-адамгершілік, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиелеуді дамыту
стратегиясы».
Семинарды мектеп директоры Сарманова
Р.Г. ашты. Семинар қатысушыларын мектеппен таныстырып өтіп, тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарларының жұмысы туралы ерекше тоқталып кетті.
Семинарда жаңартылған білім беру жағдайында директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмысында қажетті мәселелер, әдістер
туралы сұрақтар қозғалды.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиелеу
процесі» баяндамасымен № 1 ОМЛ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галлямова М.С сөйледі. Әрі қарай «Жаңартылған
білім беру мазмұны жағдайында рухани-адамгершілік, көпмәдениетті және
көркем-эстетикалық тәрбиелеуді дамыту стратегиясы» баяндамасымен және өз
тәжірибесімен № 2 ОМЛ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылхаева Ж.
бөлісті.
№
21 ОМЛ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амрина Ш.А. «№21 ОМЛ тәрбие жұмысын басқару
жүйесі» баяндамасымен шықты. Ол семинар қатысушыларымен өз тәжірибесімен
бөлісіп, тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының жұмысы туралы
мазмұнды да кезең кезеңмен тоқталып кетті.
№ 14 ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Досанова
С.А. семинар қатысушыларымен «Заманауи жағдайында тәрбие жұмысының мазмұны мен
әдістері» атты тақырыпқа коучинг өткізіп, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар
орындалды. Коучинг сапалы да мазмұнды өтті. Әр семинар қатысушысы спикер
ретінде өз тапсырмаларын дәлелдей отырып, қорғай білді.
Семинар соңында №7 ОМ және №1 КОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Мақсат ағашы» рефлексиясын өткізді.
Жалпы семинар
Көкшетау қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері
Баймуканова Г.Ж. және қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен
жоғары бағаланды.