Текст
№ 16 орта мектебінде 16.01.2018ж. 8-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға, оқушылар «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды
қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» атты бағдарламасына қатысатыны ескертілді. Психологтар балалардың психикалық денсаулығы жайлы мәлімдеді. Сонымен қатар аталған бағдарлама туралы презентация көрсетілді. Жиналыс соңында ата-аналар ақпараттандыру бланкісімен танысып, қол қойды.