"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 16 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласындағы №16 ОМ орыс тілінде оқитын сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша 2017 жылдың 13. 11.-18. 11. аралығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбымен Өткізілген апталықтың есебі

13.12.2017

Көкшетау қаласындағы №  16 орта мектебінде қарашаның 13-і  мен  18- іаралығында орыс тілінде оқитын мектепте қазақ тілі мен қазақ

әдебиеті онкүндігі өтті. Апталықтың тақырыбы: Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру».     

Апталықтың салтанатты ашылуы 13 қарашада мәжіліс залында, екі ауысымда  өтті. 5-11- сынып балалары Отан, туған жер, ел туралы өлеңдер айтып, ән салды, би биледі. Апталықтың бірінші күнінен бастап мектеп кітапханасында   көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде  қойылған кітаптар мен журналдардағы мәліметтер сыныптан тыс жұмыста, тәрбие сағаттарында да қолданылды.

    9-11 сыныптар арасында  «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»  атты эссе  байқауы өткізілді. Оқушылардың  шығармашылық жұмыстарына қойылған  талаптар: 

қазақ тілінде  жаза білуге жаттықтыру; эссенің критерийін сақтау; сөз қорымен  пайдалана білу. Ерлікке, елдікке, батырлыққабаулу, елін, жерін сүйуге, патриот  болуға шақыру.

 Эссе сайысына белсенді қатысқан оқушылар:  СердалинаА., Гирьева М., Мотовилова В.

3-4-сыныптар арасында «Менің туған өлкем» суреттер сайысы

өткізілді. Ең жақсы салынған суреттерді таңдап, мектептің бірінші қабатында

көрме ұйымдастырылды. «Сүйемін туған елімді» шығармашылық жоба шарасын

Жумагулова Ү.Ш. өткізді. Бұл шара 10-11 сынып оқушылары арасында өтті және оған

2 «Б» сынып оқушысы

Меренцов С. қатысты. Меренцов С. «Көкшенің көрікті

жерлері» тақырыбымен қалалық шығармашылық сайысында 2-орынға ие болып, облыс

көлемінде грамотамен марапатталды. Өзінің жобасын   жоғары сынып оқушыларына таныстырды.

3-сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны өткізілді.Бұл

шараға оқушылар белсене қатысты.

9-сыныптары

арасында Жакатова Б.К. «Тапқыр достар» танымдық ойынын өткізді. Оқушылар

сайысқа қатысып, өз білімдерін көрсетті.

5-6-сыныптары арасында «Сөзмерген» интеллектуалды сайысы

өткізілді. Бұл сайысқа 8 оқушы қатысып, 1-орынды 5 «Б» сынып оқушысы   Култасов Мансур, 2-орынды 6 «В» оқушысы

Воронова Т., 3-орынды 6 «В» оқушысы Хабарова Я. жеңіп алды. Бағалы сыйлықтармен

марапатталды.

   Сонымен қатар апталық барысында 2 «Б», 6

«В», 6 «Б» сыныптарында ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтарға қазақ тілі мен

қазақ әдебиеті мұғалімдері, мектеп әкімшілігі  

қатысып, оң бағаларын берді. Атап айтқанда, заман талабына сай

ақпараттық технологияны пайдалану  мақсатында  интерактивті 

тақтамен өткізген сабақтары жақсы бағаланды.

Жоспар бойынша

ұйымдастырылған барлық іс – шаралар өткізілді. Онкүндік барысында мектепшілік

іс – шараларға белсенді қатысқан оқушылар іріктеліп,марапатталды.

 

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст