Көкшетау қаласындағы № 16 орта мектебінде қарашаның 20-ы мен 24-і аралығында қазақ тілінде оқитын сыныптар арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығы өтті.
І. Ашылу рәсімі.
1 және 2 ауысымда мәжіліс залында апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бірінші ауысымда Нурмуханова А.Х. жоғары 8-11 –сыныптарда, екінші ауысымда Ракишева У.Т. 5-7- сыныптарда өткізді. Салтанатты ашылу барысында балалар туған жер, ел, Отан туралы өлеңдер
айтып, ән салды, оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырып, өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
ІІ. Көрме ұйымдастыру.
Апталықтың бірінші күнінен бастап мектеп кітапханасында «Тәуелсіз елім-кең –байтақ жерім» тақырыбында көрме
ұйымдастырылды.
Көрмеде қойылған кітаптар мен журналдардар сыныптан
тыс жұмыста, тәрбие сағаттарында да қолданылды.
ІІІ. Эссе байқауы.
7-9 сыныптар арасындағы «Туған жерім-тұғырым» атты эссе байқауына Қазбекова Дарина 8 «А», Қорғанбек Еркеш 9 «А», Усерова Анель 7«А» сынып оқушылары қатысты.
Қатысқан оқушылардың жұмыстарында өз беттерімен ізденгені, өз пікірлерін
білдіріп , қорытынды жасауды
білетіні байқалды.
ІҮ. «Сөз
мәйегі - мақал» тақырыбында интеллектуалды ойынын 6-7 –сыныптар арасында Ракишева У. Т. өткізді. Мақсаты- мақал-мәтелдер қазақтың қысқа
әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қортындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін
жеткізу, Отанды сүюге, елін-жерін қастерлеуге, мақал-мәтелді орынды пайдалана
білуге үйрету болды. Бұл сайыста I орынға Қонысбай Ақжан 6
«а», Кишкенина Гүлжан 7 «а» II орынға, Омарбек
Айым 3-орынға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
Ү. «Алаш ардақтылары» тақырыбында
10-11-сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Алаш арыстарының 100 жыл
толуына байланысты,оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын
айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына
тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу, туған еліне,
жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
ҮІ. «Білімді мыңды жығар» интеллектуалды
ойынын 5-6 –сыныптар арасында Бекхожина
А.А., Ракишева У. Т. өткізді. Іс-шара сайыс түрінде өтті.
ҮІІ.Ашық сабақтар.
«Дара және күрделі сын есімдер» (мұғалім Нурмуханова
А. Х. сынып 6 «А», пән: қазаққазақ тілі),
«Өсімдіктер әлемі» (мұғалім Бекхожина А.А.сынып 5 «А», пән: қазақ тілі)
Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі
тапсырмаларға белсене араласты. Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, түрлі ойын түрлері арқылы оқушының сөздік қорларын дамыта білді.
Сабақта жаңа амал-тәсілдер, жаңа әдістер қолданылды. . Сабақтар
жүйелі, ойластырып құрылған.
ҮІІІ. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» апталықтың жабылуында қорытынды жасалып, белсенді қатысқан оқушылар
грамотамен марапатталды.