2017 жылдың 31 қазанында Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының шаңырағында Облыстық «Тіл дарын» сайысы өткізілді. Бұл сайыс өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында болды. Сайыстың мақсаты: ана тілін дәріптеу. Сайыс бірнеше номинация бойынша өтті. Атап айтар болсақ, «Қазақ халқының музыкалық аспаптары», «Мемлекеттік тіл», «Менің шағын Отаным», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Жасыл өлке» , «Роботтар әлемі». Бұл сайысқа Ақмола облысы бойынша оқушылар келді.
СайыстаКөкшетау қаласының №16 орта мектебінің оқушысы Геласимов Евгений 1-орынға ие болып, 110000 тенгенің сертификатымен марапатталды. Өзге ұлт өкілдерінің арасында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды. Мұғалімі: Ракишева Умут Таласовна.