"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 16 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 16 ОМ оқушыларына арналған ішкі тәртіп сақтау ережелері

09.10.2017

Осы Ереже ғимаратта және мектеп аумағында оқушылардың тәртіп сақтау нормаларын бекітеді.

Ереженің мақсаты: Мектепте әрбір оқушының табысты оқуына қолайлы жағдай жасау, оларды тәрбиелеуге, тәртіп мәдениетін және қарым-қатынасдағдыларын дамыту.

1.      Оқушылар мектепте сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын келеді.

2.       10 минут таңғы жаттығуға белсенді қатысады.

3.        Әрбір оқушының ауыстыратын аяқ киімі болуы тиіс.

4.       Оқушылар мектепке мектеп формасында келуі керек: қыздар-юбка, шалбар, жакет, классикалық костюм, түсі күрең көк, блузка – бір түсті, ақ; ұлдар – классикалық костюм, түсі күрең көк, жейде – бір түсті ашық.

5.       Оқушыларға сабақта сырт киіммен отыруға тыйым салынады.

6.       Оқушылар мектепке барлық оқу құралдарымен келуге міндетті. Мектепке сабақ кестесіне сәйкес пәндер бойынша үй жұмысын дайындап келеді, күн сайын пәндер бойынша берілген үй жұмыстарын күнделіктеріне жазып отырады.

7.       Оқушылар үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқорлық көрсетулері керек.

8.       Оқушылар мектепте және мектептен тыс жерде өздерін мәдениетті ұстайды.

9.       Оқушылар мектеп мүлкін сақтайды.

10.    Сабақ үстінде шулауға болмайды, бір-бірімен сөйлесуге, басқа оқушыларға кедергі жасауға, сабаққа қатысты емес басқа шаруамен айналысуға тыйым салынады. Ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынады.

11.     Мұғалімнің (сынып жетекшінің) талабы бойынша оқушы күнделігін көрсету керек. Күнделіктегі кез келген жазулар ұқыпты толтырылуы тиіс. Әрбір оқу аптасы өткеннен кейін оқушының ата-анасы күнделікте қолын қоюы қажет. (ҚР «Білім туралы» Заңы 49б3т.)

12.    Оқушылар сабақтарда сонымен қатар үзілістерде техника қауіпсіздігін сақтаулары тиіс.

13.     Мектепке келгенде және кейін үйлеріне қайтқан кезде оқушылар жол жүру ережелерін сақтау керек.

14.    Оқушылар табысты білім алуға, денсаулықтарын сақтауға міндетті, өзін- өзі  рухани жетілдіруге ұмтылу керек.

15.    Дене шынықтыру сабағына спорт киімдерін әкелуге міндетті.

16.    Оқушылар барлық мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп қызметкерлерімен және қонақтармен амандасуға міндетті. Үлкендерге жол берулері керек.

17.     Төтенше жағдай болған кезде тәртіп сақтау ережелерін білуі тиіс.

18.     Үзіліс кезінде оқушылар сыныптан шығуы керек. Дәлізде, сатымен жүрген кезде оң жақты ұстану керек. Тәртіп сақтау ережелерін сақтау қажет. Сатылармен, терезе бойларымен және ойынға бейімделмеген жерлерде жүгіруге болмайды. Бір-бірін итеруге, кез келген мәселелерді шешу үшін күш жұмсауға болмайды. Әдепсіз сөйлеуге тыйым салынады. «ҚР «Кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» 10б.3т.)

19.    Сынып кезекшісі үзіліс кезінде сыныпта болуы керек. Желдеткішті ашып, сыныпты тазалықпен қамтамасыз етеді. Мұғалімге келесі сабаққа дайындалуға көмектеседі.

20.    Оқушылар асханада кестеге сәйкес тамақтанады. Жеке гигиенанаы сақтайды. (ҚР «Білім туралы» Заңы 48б. 5т.)

21.   Сабақтан  соң оқушылар тәртіпті сақтап, гардеробтан сыртқы киімдерін алады. Жолда бөгелмей, уақытында мектептен үйге келулері қажет.

22.   Осы Ережелер мен мектеп Жарғысын бұзғандары үшін оқушылар жауапкершілікке тартылады.

23.    Оқушылар мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім алуға құқылы.

24.    Ата-аналар білім процесінің барысымен, мазмұнымен танысуға, сонымен қатар қатар оқушылардың үлгерімін білуге құқылы.

25.    Ата-аналар (оларға қатысты құқықтар мен міндеттерді) осы Жарғыны орындауға құқылы.

 

Оқушыларға тыйым салынады:

             1. Сабақта ұялы телефонды пайдалануға;

             2. Себепсіз сабақ босатуға:

             3. Мектепке денсаулыққа зиян келтіретін және оқушылардың өміріне қауіп төндіретін заттарды әкелуге және пайдалануға;

             4. Мектепте және оның аумағында темекі шегуге;

             5. Әдепсіз сөйлеуге;

             6. Сабақтан себепсіз кетуге қатаң түрде тыйым салынады.

             7. мектепте сағыз шайнауға тыйым салынады.

             8. Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау мақсатында қыз балалар міндетті түрде шашатарын жинап жүрулері керек.

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст