Текст
1 «Ә» сынып мұғалімі Канафина Ж Р сауат ашу пәнінен «Ұлттық тағамдар. Әліпби» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ психологиялық ахуалдан басталып, «Миға шабуыл,»«Ой қозғау» стратегияларын тиімді қолданды. Мұғалім оқушылардың жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасады. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта уақытты ұтымды пайдаланды. Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа қойылған мақсатқа жетті