Ақпанның тоғызыншы жұлдызында Көкшетау қаласында № 2 орта мектепте қалалық Білім бөлімінің ұйымдастырылуымен «Ертегілер елінде»
атты қалалық сайыс өтті.Бұл сайыс қала мектептері бойынша, 5-6 сыныптар аралығында
өткізілді. Байқаудың мақсаты: халық педагогикасымен ұштастырылып, оқушылардың
бойына ертегі жанрын дәріптеу болды. Әр мектеп өз шеберліктерімен көзге түсті. Атап
айтар болсам, №16 орта мектептің 6 «А» сынып оқушылары бойындағы дарындылықтарымен ерекшеленді.Олар
«Патшаның үш қызы» атты қазақтың ертегісінің қойылымын қойды. Оқушылар ертегі
жанры бойынша, әр кейіпкердің образына кіріп, қойылымды жан-жақты сахналай
білді. Қала мектептерінің ішінен озып шығып, I –орынға ие болды. 6 «А» сынып
оқушылары бұдан да жоғары дәрежелерге
жете берсін!- деген ізгі тілекпен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және
сахналық қойылымның жетекшісі: Ракишева Умут Таласқызы.