Текст
27 ақпан күні, алғыс айту күнінің қарсаңында мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар , мектептің қамқоршылық кеңесі қатысты. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, қолдан пісірілген тәтті нан өнімдерін сатты. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат, Германияда емделіп жатқан № 1 ОМЛ 9 сынып оқушысы Кожахметов Алдиярдың әжесіне берілді.