2016 жылы № 16 ОМ-нде «Адал
ұрпақ» ерікті мектеп клубы ашылған болатын. Клубтың мақсаты: мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты белсендету болып табылады. «Адал ұрпақ» клубының жоспарында оқушылардың құқықтық білімдерін қалыптастыратын
тәрбие жұмысының негізгі бағыттары көрсетіледі.
Оқушылрдың бойында ар, намыс, ұят, жауапкершілік,
адалдық, әділдік сияқты қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 5-11 сыныптар
аралығында адамгершілік және құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында тақырыптық
сынып сағаттарында мәселелер талқыланады.
Қазан айында
жалпымектептік ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып
бойынша баяндама оқылды. 9-11 сыныптар арасында «Наш выбор – правовое
государство» дөңгелек үстел өткізілді. «Образ
честного неподкупного человека» суреттер сайысы өткізілді. . 2018 жылдың 27 ақпан күні мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Модельдік жоспарды орындау аясында қалалық іс шара өтті. Бағдарламаны «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері және «Жас ұлан» РББЖҰ көшбасшылары ұйымдастырған болатын. Бұл маңызды іс шараның қонақтары: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Департаментінің басшысы Есбол Кенжалин және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Департаментінің бас маманы Сая Куанышбековна Беккажанова болды. Бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде мектеп оқушылары сыбайлас жемқорлық тақырыбына сахналау көрсетті. Ал екінші бөлімінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ерікті клубының мүшелерімен іскерлік ойын өткізілді. Келген қонақтар іс шараға жоғары баға берді.